Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің 2023 жылғы 22 қыркүйекте бекіткен Тауарлар қозғалысының барлық кезеңінде (әкелу, өндіру, өткізу) оларды жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - пилоттық жоба) жүргізудің әдістемелік ұсынымдары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев): 1) 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде пилотты жүргізуді қамтамасыз етсін; 2) жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы есепті 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде ұсынсын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 73 бұйрығына 1-қосымша
Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|