ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ (Алтыншы сайланымның үшінші сессиясы)
Стенограмма 2017 жылғы 15 қараша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ Астана 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ 2017 жылғы 15 қараша
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.И. ИСИМБАЕВА жүргізді.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Доброе утро, уважаемые коллеги! Прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша қандай пікірлеріңіз болады? Қолдаймыз ба?
ОРНЫНАН. Қолдаймыз.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Күн тәртібі бекітілді. Енді, құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлына беріледі.
ОМАРОВ С.К. Рақмет, құрметті Гүлмира Истайбекқызы. Құрметті әріптестер! «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелерін іске асыруға мүмкіндік беру мақсатында әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|