Мемлекеттік сатып алуда электрондық әмиянды қолдану бойынша пилоттық жобаны өткізу туралы
2024 жылғы 18 қазандағы Мемлекеттік қаржыны цифрлық трансформациялау шеңберінде орындалған жұмыстарды көрсету хаттамасының 30-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекеттік сатып алуда электрондық әмиянды қолдану бойынша пилоттық жоба ұйымдастырылсын және бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті (Е.Г. Сеитов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 819 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік сатып алуда электрондық әмиянды қолдану бойынша пилоттық жобаны өткізу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тәртіп (бұдан әрі - Тәртіп) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 22-бабының 11) тармақшасында көзделген әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің ақшасының сақталуын қамтамасыз ету және электрондық әмиянды пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар бойынша ақшаны мемлекеттік сатып алу саласындағы біріңғай оператордың орналастыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді 2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шоты (бұдан әрі - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шот) - бұл әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің электрондық әмиянға енгізілген ақшасының бір бөлігін сақтауға арналған шот; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|