Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы (Сочи қ., 2017 жылғы 1 желтоқсанда)
ҚР Президентінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 712 Жарлығымен бекітілді
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады
Осы Келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасын қараңыз
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясының 12-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ШЫҰ немесе Ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы; Мүше мемлекеттер - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер; Бас хатшы - ШЫҰ Бас хатшысы; ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары - ШЫҰ Хатшылығы, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (бұдан әрі — ӨТҚҚ) және ШЫҰ шеңберінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін өзге де кұрылымдар; Директор - ӨТҚҚ Атқарушы комитетінің директоры; Аванстар - мүше мемлекеттер ШЫҰ бюджетіне бір рет аударатын және Ұйым қызметін тоқтатқан немесе олар одан шыққан жағдайда мүше мемлекеттерге қайтарылатын сомалардың үлестік жарналарының мөлшерлеріне сәйкес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері басшыларының (премьер-министрлер) кеңесі (бұдан әрі - ҮБК) бекітетін; Бюджет (тұрақты) — ШЬІҰ тұрақты жұмыс істейтін органдарының міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражаттың пайда болу және пайдаланылу нысаны. Ол мүше мемлекеттердің үлестік жарналарынан және өзге де түсімдерден тиісті бюджеттік жылға қалыптастырылады; Бюджеттік (қаржы) жылы - 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең; Жарналар (үлестік) - осы қаржы жылы ШЫҰ тұрақты жұмыс істейтін органдарының қызметіне байланысты шығыстарды қаржыландыру үшін ШЫҰ мүше мемлекеттері үшін белгіленген (есептелген) сомалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|