«Жарқайың ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-22/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Жарқайың ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-22/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6601 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін: Жарқайың ауданының елді мекендері мен Державин қаласының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 7С-21/4 шешіміне қосымша
Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-22/3 шешімімен бекітілген
Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1. Осы Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді. 2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|