Осы редакция 2016 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына 14-қосымша
«Алкоголь өнімдерін оның өндіріс аумағында сақтау және бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.20.01. берілген өзгерістермен)
1. «Алкоголь өнімдерін оның өндіріс аумағында сақтау және бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Алкоголь өнімдерін оның өндіріс аумағында сақтау және бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|