Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (2023.12.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5 - тармағына сәйкес және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығының негізінде, Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. «Ырғыз ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Қ. Туртаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2023.21.08. № 147 Қаулысымен бағалаудың әдістемесі жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген
Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|