Прокуратура органдарының нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингілеу және құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының талаптарын орындау үшін, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті (бұдан әрі - Комитет), Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдарының Академиясы (бұдан әрі - Академия) Бас прокуратураның бастамасы бойынша әзірленген және қабылданған нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізсін. 2. Заң шығару қызметі саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасы (бұдан әрі - 1-ші Басқарма) прокуратура органдарының нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысын үйлестіруді және ұйымдастыруды қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің корпоративтік порталында (бұдан әрі - портал) Бас прокуратураның бастамасы бойынша әзірленген және қабылданған заңнамалық актілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жататын заңнамалық актілердің мынадай бөлімдері бойынша тізілім жүргізсін: 1) Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары және конституциялық заңдары; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|