«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 18 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: 2.5.1-бөлім мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Капитал нарығын жандандыру мақсатында тәуелсіз қорлар мен ірі шетелдік инвесторларды тартуға арналған тиімді құралдардың бірі ретінде қоса инвестициялау қағидатымен қызметін жүзеге асыратын Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар қорын құру және АХҚО базасында оқшауландыру мүмкіндігін қарау да өзекті. Ағылшын құқығын пайдалана отырып, АХҚО базасында Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар қорын құру оның тиімділігін арттырады және инвесторлардың сенімділігін қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар қоры қоса қаржыландыру міндетті шартымен шикізаттық емес секторлардағы ірі және озық жобаларға инвестициялауға бағытталатын болады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|