Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы XIV сессиясының № 298 шешімі (2023.21.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелді) сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы VIII сессиясының № 169 «Қарағанды облыстық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4209 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде 2017 жылғы 21 сәуірде, «Орталық Қазақстан» газетінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22347), «Индустриальная Караганда» газетінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22153) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|