«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «4. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысы архитектурасы» деген бөлімде: «Бюджеттік бағдарламалар» деген кестеде 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік бағдарламалар - 9» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар - 10» деген сөздермен ауыстырылсын; «138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету» деген жолмен толықтырылсын; «Бюджеттік бағдарламалар» деген кестеде 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік бағдарламалар - 2» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар - 3» деген сөздермен ауыстырылсын; «131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» деген жолмен толықтырылсын; «5. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» бөлімінде: «1. Халықтың денсаулығын нығайту» деген стратегиялық бағытта: «1.1. Аурулардың профилактикасын күшейту және ерте кезеңде ауруларды басқаруды дамыту» деген мақсатта: реттік саны 1-жолда: «Ақпарат көзі» деген бағандағы «ҰЭМ СК ресми стат. деректері» деген сөздер «СЖРА ҰСБ ресми стат. ақпараты» деген сөздермен ауыстырылсын; «1.2. Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту» деген мақсатта: реттік саны 1, 2, 4, 5-жолдарында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|