«Жылжымалы мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесін қолдауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген «Жылжымалы мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесін қолдауға қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін. 3. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 наурызынан бастап әрекет етеді.
Әділет министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген
«Жылжымалы мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесін қолдауға қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымалы мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесін қолдауға қойылатын талаптар (бұдан әрі - ЖМТ АЖ) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген. 2. Осы Талаптар ЖМТ АЖ қолдауға процедурасын, сұранысты және іркілісті тіркеу және өңдеу регламенттерін айқындайды. 3. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) қолдау - ЖМТ АЖ үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, SERVICE DESK порталына келіп түскен сұрау салуларды қолдайтын өңдеу мен шешу, нормативтік -анықтамалық ақпаратты өзектендіру; 2) орындаушы - ЖМТ АЖ техникалық қолдайтын компания; 3) орындаушы компанияның облыстық орталығы (бұдан әрі - ОО) - орындаушы компанияның филиалы; 4) SERVICE DESK - ЖМТ АЖ функционалы бойынша сұрау салуларды тіркеуге арналған портал; 5) пайдаланушы - нақты функцияларды орындауға арналған қолданыстағы ЖМТ АЖ пайдаланатын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері; 6) іркіліс - ЖМТ АЖ жоспардан тыс уақытша пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына әкеледі; 7) сұрау салу - пайдаланушы ЖМТ АЖ қызмет көрсету қажеттілігіне тіркелген өтініші; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|