Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау ережесiн бекіту туралы (2015.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.20.10. № 195 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы қаулы етемін: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.20.10. № 195 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi. 3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.): 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» Заңды тұлғалардың бiрлестiгiне, «Активтердi басқарушылар қауымдастығы» Заңды тұлғалардың бiрлестiгiне, инвестициялық портфельдi басқарушыларға жiберсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|