Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы (2024.11.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті осы бұйрық қол қойылғаннан кейін оны он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне және аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.11.01. № 15 бұйрығымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 172 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: білім алушыларға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, білім алушылар мен педагогтердің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыру, білім алушыларға жұмыс берушілерден талап етілетін сапалы кәсіби және әлеуметгік дағдыларды беру, жоо-лардың, отандық ғылымның зерттеу әлеуетін дамытудағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тіл мәдениетін арттыру және халықтың тілдік капиталын дамыту. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|