«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 1107 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 28 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5054 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»; аталған қаулымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 15 маусымдағы № 808 қаулысынақосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 28 қаулысымен бекітілген
«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|