«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 639 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1171 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарыныңжәне оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 639 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19293 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарыныңжәне оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) автоайлақ - әскери қызметшілерде автомобильдерді, шынжыр табан тартқыштар мен транспортерлерді жүргізуге оқытып-үйрету және дағдыларын жетілдіру үшін жабдықталған жергілікті жер учаскесі; 2) әскери атыс алаңы - бөлімшелер әскери қызметшілерінің атыс қаруынан, қол, станокты және ұңғыасты гранатаатқыштарынан оқу-жаттығу және бақылау оқ атулары жаттығуларын, жауынгерлік қол гранаталарын лақтыру бойынша жаттығуларды орындауы үшін арналған жергілікті жер учаскесі; 3) әуе авиациялық полигоны - әуеден оқ атуларды, «әуе-әуе» сыныбындағы басқарылатын зымырандарды әуеде радио басқарылатын, парашюттік нысаналармензымыран-нысаналар бойынша ұшуды, қарудан оқ атуды жүргізу үшін, сондай-ақ зениттік зымыран бөлімдері мен бөлімшелерінің, зениттік артиллериялық бөлімшелер мен бөлімдердің оқ атуларды жүргізуі және әуедегі нысаналар бойынша зымырандарды ұшыру үшін жабдықталған әуе кеңістігі бар арнайы бөлінген жергілікті жер учаскесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|