Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум (Нұр-Сұлтан қ. 2019 жылғы 25 қыркүйекте)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 349 бұйрығыменмақұлданды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы (бұдан әрі - Тараптар). Тараптардың бірінің мемлекеті аумағына басқа Тарап мемлекеті аумағынан өсімдіктердің зиянды организмдері мем эпифитотиялық ауруларының енуі мен таралуының тиімді алдын алу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қорғау және өсімдіктер карантині саласындағы екіжақты алмасу мен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға ортақ ниеттерді көтермелеу мақсатында консультациялар өткізілгеннен кейін төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Тараптар өсімдіктер карантині саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтады және дамытады. 2. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумның шеңберіндегі Тараптардың қызметі өздерінің мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерге нұқсан келтірмей, Тараптар мемлекеттердің тиісті заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2-бап. Ынтымақтастықтың мазмұны мен тәсілі
Осы Меморандум шеңберінде Тараптар мынадай салаларда ынтымақтасады: 1. Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шараларын (ДСҰ-ның келісімі/Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі СФК) жүзеге асыру саласында тәжірибемен және Өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі халықаралық конвенция (ӨҚХК) сияқты тиісті халықаралық ұйымдармен бірлескен ақпаратпен алмасу. 2. Өсімдіктер карантині, өсімдіктер карантині саласындағы заңдар, қағидалар, стандарттар, басқа да шаралар, олардың карантиндік зиянкестерінің тізбесі туралы, сондай-ақ олардың зиянкестерден таза ерекше аумақтары туралы ақпаратпен алмасу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|