Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 178 Қаулысымен күші жойылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.04.10. № 251 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 216 қаулысымен бекітілген
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.04.10. берілген өзгерістермен)
1. «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша орналасқан) «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысанда немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|