«Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17968 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.»; 9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|