Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы КЕЛІСІМ (2022 ж. 20 қазанда Ереван қ.)
ҚР 2023 жылғы 7 қарашадағы № 38-VIII Заңымен ратификацияланды 2023 жылғы 22 қарашада күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы Тараптардың экономикалық өсуіне жәрдемдесу мен өзара және сыртқы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1. Тараптар арасындағы өзара сауда, инвестициялар көлемін ұлғайтуға, экономикалық интеграцияны дамытуға жәрдемдесуге, экспорттық кредиттерді (экспортты қолдаудың барлық қаржы құралдарын қоса алғанда) қайта сақтандыру, экспорттық бағдарланған қаржыландыру мен Тараптардағы және үшінші елдердегі кәсіпкерлік және (немесе) саяси тәуекелдерден инвестициялар саласындағы қызметті жүзеге асыру жолымен Тараптардың үшінші елдермен инвестициялық тартымдылығын арттыруға және сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге арналған Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы (ЕҚСК) (бұдан әрі - Компания) құрылсын. Компания халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде Тараптардың экспорттық кредиттік агенттіктерін, халықаралық қаржы және банк ұйымдары мен одақтарын нығайтуға жәрдемдеседі. 2. Компания өз қызметінде осы Келісімді, осы Келісімге қосымшаға сәйкес оның ажырамас бөлігі болып табылатын Компанияның Жарғысын, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алады.
1. Компания халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады, халықаралық құқық қабілеттілігіне ие және өз құзыреті шегінде халықаралық шарттар жасауға құқылы. 2. Компания Жарғысында айқындалған тәртіппен мемлекеттер мен халықаралық қаржы ұйымдары Компанияның қатысушылары бола алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|