Осы редакция 2019 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1179 қаулысымен бекітілген
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13610 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не оның уәкілетті өкілінің: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның (бұдан әрі - оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|