Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 129 Қаулысы (2024.01.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.19.02. № 10 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.19.02. № 10 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметі түрлерінің бірін көрсету үшін төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.19.02. № 10 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Төлем ұйымы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметінің бірден артық түрін көрсетуі үшін осы қаулының 1-тармағына сәйкес ақшалай нысанда қалыптастырылатын оның жарғылық капиталы көрсетілетін төлем қызметінің әрбір қосымша түріне 50 000 000 (елу миллион) теңгеге ұлғайтылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|