ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығына 1-қосымша
Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандарты
1. Осы кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-15) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы стандарт кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді. 3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: мүгедек - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам; пандус - жолдың көлденең бетінің бір деңгейінен екіншісіне, оның ішінде кресло-арбамен ауысуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуі бар құрылыс.
2. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар
4. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны негізгі антропометриялық және эргономикалық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды. 5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жеке талаптары мен шектеулерін ескеру қажет. 6. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдалану және ескеру қажет негізгі элементтер: кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар; кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қосымша арнайы әзірленген қол құралын жасау, оны пайдалану тиімділігін барынша арттырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|