ҚР СТ 1658-2007
1520 мм жолтабанды темірбетон моноблокты шпалдар Сынау әдістері
Мазмұны
3. Терминдер, анықтамалар және белгілеулер 5. Шпалдарды сынақтарға іріктеу тәртібі 6.1. Шпалдарды иілуге статикалық сынаулар 6.2. Шпалдарды динамикалық сынау 6.3. Төзімділікке арналған сынаулар 7. Сынақ нәтижелерін жалпы бағалау А қосымшасы. Доңғалақтан болатын есептік қысымды есептеу
Осы стандарт ГОСТ 10629 және ҚР СТ 1447 бойынша 1520 мм жолтабанды моноблоктық алдын ала кернеулетілген темірбетон шпалдарды, темірбетон аудару біліктерін, бұру мен тұйық қиылыстарға арналған шпалдарға (бұдан әрі мәтін бойынша - шпалдар) статистикалық, динамикалық және төзімділікке сынаулар жүргізудің жалпы ережелерін белгілейді. Осы стандарт ГОСТ 10629 бойынша статикалық сынақтар ережелерін жоймайды, бірақ оның динамикалық сынақтар және төзімділікке арналған сынақтар бөлігінде толықтырылуы болып табылады. Осы стандарт талаптары олар бойынша осьтік жүктемесі 25 тс артық емес және жылдамдығы 200 км/сағ дейінгі жылжымалы құрам қозғалысы жағдайында бекітулердің барлық түрлері үшін Р 65 рельсті шпалдар үшін қолданылады. Сынақтарға түсірілетін шпалдар темірбетон бұйымдарын шығару жөніндегі арнайы кәсіпорындарда, осы стандарт талаптарына сәйкес жобалау, дайындау технологиясы, сынауды анықтайтын тапсырыс және 30 жыл бойына қалыпты пайдалануға кепілдік беретін дайын бұйымның сапасын бақылау бағдарламасы негізінде дайындалуы керек.
Осы стандартта мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды: ҚР СТ 1447-2005 1520 жолтабанды темір жолдарға арналған алдын ала кернеулетілген темірбетон шпалдар. Жалпы техникалық шарттар. ГОСТ 8161-75 Р 65 типті темірбетон рельстер. Құрастырылымы мен өлшемдер. ГОСТ 8829-94 Зауытта дайындалған темірбетон және бетон құрылыс бұйымдары. Жүктеумен сынау әдістері. Беріктікті, қаттылықты және сызатқа төзімділікті бағалау ережесі. ГОСТ 10629-88 1520 мм жолтабанды темір жолдар үшін алдын ала жүктелген темірбетон шпалдар. Техникалық шарттар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|