«Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|