«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 469 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін: 1) қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді; 2) орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді; 3) ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді; 4) орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді; 5) ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді; 6) ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді; 7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді; 8) TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 11-тараумен толықтырылсын: «11-тарау. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер 118. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады. 119. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны – 1000 теңге. 120. «TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер» (МЕТИКАМ) атауы орыс тілінде «Казначейские обязательства, индексированные к ставке TONIA» деп аталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|