Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 81 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 105 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 қазанда жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №14260 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісі атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша: 1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) - есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кешіктірілмей өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда); 2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) - бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі. «Б» корпусы қызметшілерін бағалау кезеңінде атқаратын лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, бағалау өткізілмейді. Әлеуметтік демалыстағы және есептік (бағаланатын) кезеңде 1 айдан көп жұмыс жасаған «Б» корпусының қызметшілері нақты жұмыс істеген уақыты ескеріле отырып бағаланады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|