«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 24-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 445 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) бекітілсін.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары: 1) жыл сайын 20 қаңтардаң кешіктірмей Стратегиялық және ақпараттық даму департаментіне Даму жоспарын іске асыру барысы туралы ақпаратты берсін; 2) Даму жоспарында көзделген іс-шараларды тиісінше және уақтылы қамтамасыз етсін.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей өткен кезеңдегі Даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті (құпия сипаттағы ақпараттар мен қызметтік пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) дайындасын және менің қолымды қойғызғаннан кейін оны веб-порталға орналастырсын.»; көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|