Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 140 бұйрығы (2021.24.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799; қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларының 7, 9, 12-тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2021 жылғы 4 наурыздағы ұсынымдарын ескере отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізім бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар аккредиттелсін және аккредиттеу туралы куәлік берілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден бас тартылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысының міндетін атқарушы З.С. Байғаскинаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 1 хаттамасы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.24.08. № 517 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 140 бұйрығына 1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|