Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 «Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 334 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 «Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: Бұйрықтың 1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерді, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрамда «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерді, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін сараптамалық кеңес құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (К.Б. Жұмашев) және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (А.Б. Қасымова): 1) «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтердің, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін педагогтердің портфолиосына олардың қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытуды жүргізу үшін сараптама кеңесінің жұмысын; 2) «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерге, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдардың және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының отырыстарын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|