|
|
|
24.03.2023 Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз – ата-ана. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы-бақытты отбасы. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да, орны бөлек. Отбасындағы тәбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала, ең алдымен, әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтан да әке ұлын- батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылыққа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәбиелеуі керек. Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі - ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі – өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. «Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы-қайғысы, бақытсыздығы, азабы»,- дейді халқымыз. Бала мектепте 6, 7 сағат болса, 18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын, сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет. Бүгінгі оқушы – мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы. Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланап, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Өйткені «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.»
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Б.Сугурова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |