Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және
ҚР 2016 жылғы 11 мамырдағы № 1-VI Заңымен ратификацияланды
2016 жылғы 11 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі («Дүниежүзілік банк»); «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын ратификациялау туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Келісімінің Баптарын (бұдан әрі мәтін бойынша «Келісім Баптары») НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; Келісім Баптарының өз күшінде болатынын және қолданыста қалуын және олардың қолданылуы осы Келісіммен ешбір шектелмейтінін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП; Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік банк мүшесі болып табылатындығын және Қазақстан Республикасының орындауы үшін міндетті болып табылатын Дүниежүзілік банк Келісімінің Баптарын ұстанатындығын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП; Қазақстандағы офистердің мәртебесін, артықшылықтарын және иммунитеттерін барынша дәл анықтауды және Дүниежүзілік банкке өз мақсаттарына қол жеткізу және Қазақстанда қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП; Мына төмендегілер туралы КЕЛІСТІ:
І бап
Келісім Баптарының 1-бабында белгіленгендей, Дүниежүзілік банктің мақсаттары мыналар болып табылады: (і) Өнеркәсіптік мақсаттарға, оның ішінде соғыс нәтижесінде бұзылған немесе зардап шеккен экономиканы қалпына келтіруге, бейбіт мұқтаждықтар үшін өндірістік қуаттарды реконверсиялауға капитал салымдарын жүзеге асыруға жәрдемдесу жолымен мүше елдердің аумақтарын реконструкциялауға және дамытуға көмек көрсету, сондай- ақ нашар дамыған елдердің өндірістік қуаттарын және ресурстарын дамытуды ынталандыру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|