Үйлестіру мен әдістемелік басшылықтың кейбір мәселелері туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 23) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары болып белгіленсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы ереже айқындалсын. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (келісу бойынша) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру мақсатында тиісті әкімшілік бірлік шегінде штаттан тыс бас мамандарды айқындасын. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының назарына жеткізсін. 5. «Үйлестіру мен әдістемелік басшылықтың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 273 бұйрығының күші жойылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 303 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандарының тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|