Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы (2024.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары белгiленсін. 2. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/122 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2239 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 18 сәуірде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын. 3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|