«Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 9 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9483 тіркелген, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру және мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін есепке алу тәртібін айқындайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|