«Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы»; 2) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. АПК-нің 267-4-бабының бірінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады. Соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптың мәлімделген жазбаша өтінішхаты бойынша сот кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын шешімді дайындауға міндетті. Сот осындай шешімді өз бастамасымен де дайындауға құқылы. АПК-нің 267-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындап беруге міндетті. Уәждеу бөлігі бар шешім сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дайындалуы тиіс. Дәлелді себептермен шешімнің уәждеу бөлігін дайындау мүмкін болмаған жағдайда, судья қол қойған кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын шешімге АПК-де белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 1-2. АПК-нің 27-1 және 28-1-баптарында облыстық және оған теңестірілген соттың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төменгі тұрған соттардың іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін (талап қоюдың нысанасы мен негіздері бойынша, субъектілік құрамы бойынша ұқсас) талап ету, өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарау және шешу құқығы бекітілген. Жоғары тұрған соттың істі талап етіп, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарауы үшін іс жүргізуінде іс жатқан сот тараптардың жазбаша келісімін алуға міндетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|