«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: орталық аппараттың функцияларында: мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын: «14-3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мониторингті жүзеге асыру және ғылымды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту;»; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта білімнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 16-2) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 16-4) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын: «16-4) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 16-5) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын: «17-2) ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту;»; 31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31-1) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|