Қапшағай қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 63-227 «Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 74-268 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 63-227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 тіркелген, 2020 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 12 208 163 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 3 284 214 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 28 624 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 254 841 мың теңге;
трансферттер түсімі 8 640 484 мың теңге, оның ішінде:
төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 10 мың теңге;
мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 8 640 474 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 4 355 087 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 1 755 693 мың теңге;
субвенциялар 2 529 694 мың теңге;
2) шығындар 13 871 869 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 22 892 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 28 334 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 5 442 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;