|
|
|
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 251 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 бұйрығына 3-қосымша
«Ғарыш аппараттары мен ғарыш жүйелерін жобалау» кәсіби стандарты
1. «Ғарыш аппараттары мен ғарыш жүйелерін жобалау» кәсіби стандарты ғарыш аппараттары мен ғарыш жүйелерін жобалау бойынша кәсіптік қызмет саласындағы маманға, оның дағдыларына, біліктеріне және құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді. Кәсіби стандарт: кәсіптік қызмет мазмұнына бірыңғай талаптарды жасау, жаңатехнологиялардың пайда болуы мен еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып, біліктілік талаптарды анықтау; қызметкерлердің еңбек саласы мен кәсіптік білімі саласындағы өзара іс-қимылды реттеу; қызметкерлердің білім беру стандарттарын, даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу; персоналды аттестаттау мен сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау үшін талаптарды регламенттеу; персоналды басқару, еңбектің сапасы, уәждемесі мен ынталандыру жүйесін жасау, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласында міндеттерді кең көлемде шешу және басқалар үшін арналған. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) ғарыш аппараты - ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы; 4) ғарыш жүйесі - ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |