Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын кодтаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 246-НҚ бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 259-НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік әмиянды енгізу және тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жол картасының 1.5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын кодтау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; 2) пилоттық жобаға тартылған әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі бекітілсін. 2. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілді
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын кодтау бойынша пилоттық жобаны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын кодтау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасында айналымдағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сәйкестендіру құралдарымен кодтау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезіндегі іс-қимылдардың дәйектілігін белгілейді. 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын кодтау жөніндегі пилоттық жобаның (бұдан әрі - пилоттық жоба) мақсаты пилоттық жобаға тартылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі - ӘМАТ) кодтар беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|