|
Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы (2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жер заңдарын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулыетеді: 1. Жер құқықтық қатынастары мәселелерін реттейтін заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының Жер кодексінен (бұдан әрі - Жер кодексі) және Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңдарында, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше қарастырылмаса, жер учаскелерін иелену, пайдалану және оларға билік ету, сондай-ақ олармен мәміле жасасу бойынша мүліктік қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледі. Жер кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 2. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады. Жер құқығы қатынастары деп жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын, жекелеген субъектілерге бекітілген жер учаскелерін басқаруға байланысты жерді пайдалану және қорғау жөніндегі құқықтық қатынастарды ұғыну керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|