«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 295 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 23 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алу үлгілік шартында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аукциондық баға - аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, ЖЭК пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға; 2) беру нүктесі - ЖЭК пайдалану объектісін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі; 3) берілетін ай - тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-де аяқталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі; 4) берілетін электр энергиясы - беру нүктесіне берілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, ЖЭК пайдалану объектісі өндірген барлық электр энергиясы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|