Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы (2022.16.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак қатысқан өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.Қ. Дауылбаевтың баяндамасын тыңдап, конституциялық іс жүргізудің материалдарын, мемлекеттік органдардың қорытындыларын, халықаралық тәжірибені, жекелеген шет елдердің заңнамасы мен практикасын талдап, сарапшы - заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ж. Балтабаевтың қорытындысын зерделеп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі төмендегіні
анықтады:
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініш жолдады. Өтініште мынадай сұрақтар қойылған: «Республика Конституциясының 15-бабы 2-тармағының конституциялық ережелері оларда көзделген барлық қылмыстық іс-әрекеттер үшін қылмыстық заңда өлім жазасын белгілеуге міндеттей ме? Ең ауыр жаза қолданылуы мүмкін қылмыстар шеңберіне қатысты конституциялық талаптар тұрғысынан алғанда Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы онда жол берілген ескертпемен ратификациялау мүмкін бе?». Негізгі Заңның қаралып отырған нормасын өтініш нысанасына қатысты түсіндірген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|