Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы (2019.26.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 587-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға негізделген жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Аңшылық шаруашылығының қажеті үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді, қамыс пен саңырауқұлақтарды жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 5. «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 15 шілдесінде № 2699 тіркелген, 2015 жылдың 18 шілдесінде «Ақ жол» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|