Жер салығының мөлшерлемелері туралы (2020.19.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020.19.03. № 37-5 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020.19.03. № 37-5 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын. 1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері; 2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері. 2. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерінен басқа, Кодекстің 504, 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын, соған сәйкес: 1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер; 2) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер; 3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|