Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры туралы есеп» нысанын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры туралы есеп» нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 1 тамыздағы № 285 бұйрығымен Бекітілген
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры туралы
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-СЖМК Кезеңділігі: жыл сайын Есепті кезең: 20__ жыл Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау бойынша функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекемелер Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, күнтізбелік жылдың 31 қаңтарына дейін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|