| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Источник: *Президента Республики Казахстан (www.akorda.kz)
08.09.2025 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы
«Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды.
Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет. Жалпы, Парламент депутаттары елімізде түбегейлі реформалар жасау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін».
«На прошлой неделе была открыта новая сессия Парламента. Желаю успехов в вашей деятельности!
Можно с уверенностью сказать, что прошедшая сессия выдалась плодотворной. Было принято много необходимых стране законов, всесторонне обсуждались волнующие граждан вопросы. Во время летних каникул депутаты выезжали в регионы и встречались с местными жителями. Теперь предстоит проанализировать поднятые гражданами проблемы, отработать их с Правительством и учесть в рамках текущей сессии. В целом депутаты Парламента играют важную роль в реализации кардинальных реформ в нашей стране. Выражаю вам огромную признательность».
Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады»
«Қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық. Алпауыт елдер мен халықаралық одақтар арасындағы қарама-қайшылықтардың ауқымы өсіп бара жатыр. Халықаралық қатынастағы шиеленістер мен озбырлықтың салдарынан қақтығыстар мен соғыстар белең алды. Кейбір мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатында әсіре ұлтшылдық күшейді. Әлем экономикасында теңсіздіктер мен қайшылықтар ушыға түсті. Кейбір мемлекеттер экономикалық дамуда артта қалып, кейбір елдер жасанды интеллект саласында теңдессіз табысқа жетуде. Халықаралық құқықтың мән-маңызы кете бастады. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің рөлі мен мәртебесіне сай қазіргі басты түйткілдерді шешуге қауқарсыз болуда. Экологиялық және техногендік апаттардың кесірінен түрлі елдердің экономикасы орасан шығынға батуда. Батыстағы этносаралық-дінаралық үйлесім мен мәдени әралуандық тұжырымдамасы дағдарысқа ұшырады. Жаһандық деструктивті күштер ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің іргесін шайқауда. Босқындардың саны көбейіп, көші-қон дағдарысы туындады. Адам саудасы, қару-жарақ пен есірткі саудасы да өршіп тұр. Бұрын-соңды болмаған мүлде жаңа сын-қатерлер күллі адамзаттың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Тіпті жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды. Геосаяси ахуалдың түбірімен өзгере бастағанын аңғартатын басқа да факторлар аз емес. Қысқаша айтсақ, әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады».
Глава государства: «Наступает новый миропорядок»
«Мир вступил в новую историческую эпоху, которая, очевидно, не будет легкой для всего человечества. Нарастают взаимные противоречия между глобальными державами и межгосударственными объединениями. Вследствие эскалации напряженности и агрессивности в международных отношениях увеличивается число войн и конфликтов. Во внутренней и внешней политике некоторых стран укрепляются тенденции крайнего национализма. Нарастают диспропорции и неравенство в мировом экономическом развитии: одни государства все больше отстают, а другие - добиваются выдающегося прогресса в области искусственного интеллекта. Все более заметной становится эрозия международного права, наблюдается подрыв роли и статуса Организации Объединенных Наций в решении узловых проблем современности. Участились экологические и техногенные катастрофы с огромными потерями для национальных экономик. Кризис переживает западная концепция мультикультурализма, межэтнической и межрелигиозной гармонии. Устои национальных культур и традиций расшатываются под влиянием глобалистских деструктивных сил. Усиливается миграционный кризис, растут потоки беженцев, торговля людьми и оружием, наркотрафик. Возникли совершенно новые виды угроз безопасности человечества, в том числе связанные с применением крайне опасных вооружений, действующих на основе искусственного интеллекта. Существуют и другие факторы, свидетельствующие о коренном изменении геополитической парадигмы. Иными словами, наступает новый миропорядок».
Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек»
«Қазақстан - әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым - осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл - баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет. Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл - еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан, барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек. Баршаңызға мәлім, соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды өзгерістер жасалды. Еліміздің саяси жүйесі анағұрлым озық әрі ашық бола түсті. Азаматтарымыздың сана-сезімі, болмысы өзгеріп жатыр. Соның арқасында халқымыздың мемлекеттік институттарға, заңға және әділдік пен тәртіпке деген сенімі нығаюда. Бірақ алдымызда ауқымды жұмыс бар. Қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқаруымыз керек. Қазір ел экономикасында реформалар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымға және жаңа өндіріс орындарын ашуға қомақты инвестиция салынып жатыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын және еліміздің әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқаны айдан анық. Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес, себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек».
Президент: «Мною поставлена стратегическая задача превращения Казахстана в цифровую страну»
«Казахстан - это неотъемлемая часть мирового сообщества, страна, расположенная в самом центре Евразийского континента. Несмотря на глобальную нестабильность, мы сделали решительный шаг в эпоху тотальной цифровизации и искусственного интеллекта. Моя основная миссия - обеспечить стабильное социально-экономическое развитие и безопасность Казахстана в это турбулентное, полное опасностей время. Наше подрастающее поколение должно жить в счастье и благополучии. Для этого мы как единая нация обязаны усердно трудиться. Это наше общее дело, гражданский и патриотический долг. Но как бы ни было сложно, мы должны непременно добиться успеха. Иного выбора нет, поскольку от этого зависит будущее страны и судьба нашего народа. Поэтому нам необходимо подходить ко всем реформам взвешенно и вдумчиво, уделяя особое внимание их качественной реализации. Как вам известно, благодаря осуществляемым в последние годы масштабным преобразованиям наша политическая система стала более прогрессивной и открытой. Меняется менталитет и сознание граждан в сторону большего доверия к государственным институтам. В обществе утверждаются принципы Законности, Справедливости и Порядка. Однако предстоит еще огромная работа по модернизации общества. В стране запущены комплексные экономические реформы. Значительные инвестиции вкладываются в строительство инфраструктуры, открытие новых производств. Очевидно, что все эти шаги направлены на повышение благосостояния народа и усиление потенциала страны. Стремительное развитие искусственного интеллекта уже влияет на мировоззрение и поведение людей, особенно молодежи. Иной альтернативы нет, поскольку данный процесс кардинально меняет миропорядок и образ жизни всего человечества. Мы должны быть готовы к этому. Нужно действовать решительно, промедление чревато самыми тяжелыми последствиями. Поэтому мною поставлена стратегическая по своей важности задача превращения Казахстана в течение трех лет в полноценную цифровую страну».
Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санайды
«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек. Осы орайда алдымызда тұрған мынадай маңызды міндеттерге тоқталып өткім келеді».
Касым-Жомарт Токаев заявил о необходимости образования Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития
«На основе масштабной цифровизации и активного внедрения технологии искусственного интеллекта мы должны осуществить модернизацию экономики. В качестве первого шага следует ускорить принятие Цифрового кодекса. Данный документ должен определить ключевые направления цифровизации, включая искусственный интеллект, платформенную экономику, использование больших данных и другие аспекты. Чтобы стать частью нового технологического уклада, потребуется перестроить всю систему государственного управления c многократным повышением ее прозрачности, эффективности, человекоцентричности. Поэтому считаю, что на базе действующего профильного министерства нужно образовать Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития, которое должен возглавить специалист в ранге заместителя Премьер-министра. Перед Правительством ставится задача обеспечить тотальное внедрение искусственного интеллекта для модернизации всех сфер экономики. В целях повышения конкурентоспособности Казахстана мы должны пересмотреть подходы к нашей работе. С учетом сказанного хочу остановиться на следующих ключевых задачах».
Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
«Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір тұрған міндет - басқа. Бұл - өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы керек. Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттері қайталанады. Ал, қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту - кезек күттірмейтін мәселе, бізге жаңа ұстаным керек. Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-министр он күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс. Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын».
Глава государства поручил Правительству разработать план действий по кардинальному обновлению системы привлечения инвестиций
«Несмотря на обострение глобальной конкуренции за капитал нашей стране необходимо привлекать крупные инвестиции. Нужно запустить новый инвестиционный цикл. Нынешнюю политику в этой сфере нельзя назвать результативной. Значительная часть средств поступает в сырьевые отрасли. В целом, это неплохо, такие инвестиции нам нужны. Но теперь перед нами стоит другая задача - направить инвестиции в обрабатывающую промышленность. Поэтому Правительство должно пересмотреть инвестиционную политику. В случае необходимости можно предусмотреть преференции для инвесторов, работающих в области высоких технологий. Наряду с этим необходимо в равной мере поддерживать как государственные инвестиции, так и масштабные частные инициативы. Работать придется широким фронтом как с крупными, так и со средними и малыми инвесторами. Надо четко определить, куда, зачем и в каком объеме нам требуются средства. «Заказ на инвестиции» должен формироваться в соответствии с потребностями производственного сектора. В стране сложилась громоздкая и разрозненная система взаимодействия с инвесторами. Она неизбежно ведет к бюрократии и дублированию функций. В нынешней сложной ситуации привлечение инвестиций - это первоочередная задача, которая требует от нас новых подходов. Хочу особо отметить, что в любом случае вся организационная работа по привлечению инвестиций полностью возлагается на Премьер-министра. Нет необходимости в учреждении нового министерства. Однако бросается в глаза то, что в наименовании ни одной из госструктур нет слова «инвестиции». Этот вопрос находится в ведении трех-четырех учреждений и не находит своего разрешения. Поэтому даю Премьер-министру десять дней на выработку конкретных предложений. Кроме того, поручаю Правительству в кратчайшие сроки разработать план действий по кардинальному обновлению системы привлечения инвестиций».
Президент: «Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауымыз керек»
«Меніңше, Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атауын Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет деп өзгертетін кез келді. Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен өнімді жұмыс істегенін айта кету керек. Соның нәтижесінде, қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл қаражат он мектеп, төрт спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінді. Республикалық бюджетке тағы қосымша қаражат түспек. Бұдан бөлек, инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырып, байыппен қолданған жөн, ел экономикасы үшін маңызы, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Жалпы инвестициялық келісім жасау тәсілі өз тиімділігін көрсетті. Біз Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауымыз керек. Қорды қосымша инвестиция көзі ретінде қолдану үшін ел ішіндегі болашағы зор және нарықтағы әлеуеті жоғары болатын жобаларға қаржы бөлуге болады. Ең бастысы қаражатты мұқият ойластырып жұмсау керек. Бұл іске, қажеті болса, сапалы сараптама жасай алатын халықаралық деңгейдегі басқарушылар мен инвесторларды тартуға болады».
Президент: «Необходимо переосмыслить роль Национального фонда как инструмента устойчивого развития»
«На мой взгляд, пришло время переименовать Комитет по возврату незаконных активов Генеральной прокуратуры в Комитет по защите прав инвесторов. Надо сказать, Генеральная прокуратура хорошо поработала с владельцами незаконных активов, в казну возвращено около 850 миллиардов тенге. Эти средства направлены на возведение десяти школ и четырех спортивных сооружений, строительство и модернизацию 235 объектов здравоохранения и 177 объектов водной инфраструктуры. Ожидается поступление дополнительных сумм в республиканский бюджет. Надо внимательно рассмотреть принципы предоставления налоговых преференций инвесторам, разумно их применять, отдавая предпочтение значимым для экономики страны, рентабельным проектам. В целом хорошо зарекомендовал себя механизм инвестиционных соглашений. Для создания дополнительных источников инвестиций необходимо переосмыслить роль Национального фонда как инструмента устойчивого развития. Средства Фонда должны продуманно использоваться для финансирования перспективных небольших проектов с высокой рыночной перспективой в нашей стране. Самое главное, необходимо ответственно отнестись к распределению средств. К этой работе, при необходимости, можно привлечь международных управляющих и инвесторов, обладающих качественной экспертизой».
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн»
«Экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет. Оны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дайындауға тиіс Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай қолға алу қажет. Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі, біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы қажет. Енді бұл мәселені созуға болмайды, шұғыл шешу қажет. Банктер туралы заң қабылдау осы бағыттағы маңызды қадам болмақ. Бұл заңда экономиканың сұранысы мен технологиялық өзгерістер ескерілуі қажет. Құжатта бәсекені күшейту, нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, қаржы жүйесіндегі технологияларды ілгерілету және цифрлық активтер айналымын ырықтандыру мәселелері қамтылуы керек. Үкімет Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, заң жобасын жан-жақты пысықтауы қажет. Депутаттардан осы заңды жыл соңына дейін қабылдауды сұраймын. Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн. Цифрлық теңгенің енгізілуі бұл жұмысқа септігін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет. Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болады. Қазіргі заманның талабын ескере отырып, криптоактивтерге баса назар аудару керек. Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құрған жөн. Бұл құрылымда жаңа цифрлық қаржы жүйесіндегі болашағы зор активтерден құралған стратегиялық крипторезерв жинақталады. Жаппай цифрландырудың, соның ішінде банк саласын цифрландыру ісінің пайдасы көп екені сөзсіз. Бірақ, оның қауіп-қатері де аз емес. Соңғы жылдары онлайн-алаяқтық мемлекеттің және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан, кибер-қылмыспен күресу үшін антифрод орталығы құрылды. Биометриялық анықтау жүйесі енгізілді. Банктердің, микро-қаржы ұйымдары мен байланыс операторларының жауапкершілігі күшейді. Дегенмен, бұл мәселеге үнемі жіті назар аудару қажет. Құзырлы органдардың жұмысын ұдайы жетілдіріп отырған жөн. Кибер-қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек. Қажет болса, тиісті заңға және құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізген жөн».
Касым-Жомарт Токаев: «Следует ускорить формирование полноценной экосистемы цифровых активов»
«Правительству совместно с Национальным банком необходимо разработать программу инвестирования в высокотехнологичные сферы экономики объемом до одного миллиарда долларов. Для успешного запуска нового инвестиционного цикла в финансирование реального сектора нужно активнее вовлекать банки второго уровня. Этот вопрос активно обсуждается уже долгое время. Настало время принять конкретные решения. Сегодня в Казахстане банковские активы и капитал в среднем в несколько раз прибыльнее, чем в развитых странах. Это обусловлено тем, что отечественным банкам выгоднее вкладываться в низкорисковые инструменты, чем в кредитование экономики. Данный вопрос не раз поднимали депутаты и эксперты. Национальному банку и Правительству требуется безотлагательно найти действенные инструменты вовлечения в экономический оборот свободной ликвидности банков. Важным шагом в этом направлении станет принятие закона о банках, учитывающего технологические изменения и потребности экономики. В законе надо предусмотреть пути усиления конкуренции и привлечения на рынок новых участников, а также вопросы продвижения финтеха и либерализации оборота цифровых активов. Правительству совместно с Агентством по регулированию финансового рынка следует всесторонне проработать данный законопроект. Прошу депутатов принять его до конца года. Следует ускорить формирование полноценной экосистемы цифровых активов. Этому уже способствует внедрение цифрового тенге, который сейчас используется при финансировании проектов из Национального фонда. Теперь пришло время масштабировать использование цифрового тенге в рамках республиканского и местных бюджетов, а также бюджетов госхолдингов. С учетом современных реалий надо сделать фокус на криптоактивах. На базе инвестиционной корпорации Нацбанка следует создать Государственный фонд цифровых активов, который будет накапливать стратегический крипторезерв из наиболее перспективных активов нового цифрового финансового уклада. Наряду с очевидными плюсами и возможностями тотальная цифровизация, в том числе банковской сферы, несет в себе и определенные вызовы. За последние годы одной из наиболее серьезных угроз финансовой безопасности государства и граждан стало онлайн-мошенничество. Для противодействия киберпреступности создан антифрод-центр, введена биометрическая идентификация, усилена ответственность банков, микрофинансовых организаций и операторов связи за предотвращение мошеннических операций. Но проблема требует постоянного внимания и совершенствования работы уполномоченных органов. Необходимо выстроить интеллектуальную систему противодействия киберпреступности. В случае необходимости следует внести корректировки в законодательство и практику деятельности правоохранительных органов».
Мемлекет басшысы: «Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс»
«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Келесі қадам - Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек. Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс. Арнайы құқықтық мәртебе - қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал екенін айта кеткен жөн. Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек. Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет».
Глава государства: «Нашим новым центром деловой активности и инноваций призван стать город Алатау»
«Во многих динамично развивающихся странах полюсами притяжения инвестиций и технологий стали так называемые города опережающего развития. Нашим новым центром деловой активности и инноваций призван стать город Алатау. Для реализации этого общенационального по своей сути проекта выделена территория, завершена первичная планировка, подключены ключевые инфраструктурные сети. В ходе моего недавнего визита в Китай заключены многомиллиардные соглашения с компаниями мирового уровня. Одна из таких компаний участвовала в строительстве глобального технополиса Шэньчжэнь и будет непосредственно задействована в реализации проекта Alatau City. Следующим шагом должно стать создание прочной институциональной основы Alatau City. Необходимо в течение десяти дней подготовить проект Указа о предоставлении городу специального статуса с прямым подчинением Правительству. Затем, в течение не более полугода, следует принять отдельный закон, в котором будут оговорены режим управления городом, финансовая модель и другие важные аспекты. Подчеркну, особый правовой статус - не привилегия, а необходимая мера или инструмент, без которого все задуманное рискует остаться на бумаге. Alatau City должен стать первым полностью цифровым городом региона - от применения технологий Smart City до возможности оплаты товаров и услуг криптовалютами. Город будет олицетворять собой образ будущего Казахстана, сочетая технологический прогресс с максимально комфортной средой для жизни».
Президент аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуді тапсырды
«Тағы бір мәселе. Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес. Бұл мәселе бойынша әңгімелер талай рет айтылды. Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін терең сараптама жасап, түбегейлі шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға жеке компанияларды, қажет болса, шетел компанияларын тартуға болады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін арттыратын қозғаушы күш болуға тиіс. Бірақ, көбі коммуналдық мүліктерді басқарумен және аса маңызды емес жобаларды жүзеге асырумен шектеліп отыр. Олардың аймақ экономикасына әсері шамалы. Үкімет осындай корпорацияларды толыққанды даму институтына айналдыруы керек. Инвестиция тарту - орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Әкімдердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеу керек. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуге тиіс. Мүмкін, бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшыларды тартқан жөн болар. Бірақ, қазіргі басты мәселе: жоғары инфляция экономикалық көрсеткіштер мен халықтың табысын «жұтып қойып» жатыр. Оның дайын тұрған шешімі жоқ, бұл - көптеген мемлекет бетпе-бет келіп отырған түйткіл. Мәселе бәріне ортақ болғанмен, ол біздің жағдайда айрықша сезіліп отыр.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |