Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4 бабы 9-41) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/358 қосымша
Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидалары
1. Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық іс-шаралары
2. Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді, жол жабындарын ашуды, көшелерді, алаңдарды және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды қазуды талап ететін инженерлік желілердегі авариялар кезінде пайдаланушы ұйым аумақтылығы бойынша Алматы қаласының тиісті ауданы әкімінің аппаратын хабардар етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|