Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 15 тармақтың 1) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын: «1) құқықтары: облысты дамытудың негізгі бағыттары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерін шешу бойынша облыс әкіміне және әкімдіктің қарауына ұсыныстар енгізу; өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасау; мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша аудан, қалалардың әкімдері мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бірінші басшыларына шара қолдану және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу; Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында ақпаратты белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға; Басқарманың құзыреті шегінде бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру; мемлекеттік сатып алу саласы бойынша тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру; мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг негізінде қажеттілікке қарай тоқсан, жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тыңдалым өткізу»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|