Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығымен бекітілген Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларының 25, 26, 40, 41-тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық комиссиясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 10 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекетаралық стандарт жобасының соңғы редакциясы МАК интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МАК ААЖ) «Соңғы редакция» кезеңіне орналастырылсын: - ГОСТ «Сұйытылған көмірсутекті газдар және пропан-пропилен қоспалары. Газ хроматографиясының көмегімен көмірсутегі құрамын анықтау әдісі». 2. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекетаралық стандарттар ұлттық стандарттар ретінде қолданысқа енгізілсін. 3. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ұлттық стандарттар ретінде қолданысқа енгізілетін мемлекетаралық стандарттарға ауыстыра отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының күші жойылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|